GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
06 октября 2026
Әлемдік агробизнес Астанада бас қосады!

21–23 қазан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында халықаралық KazAgroFarm-2026 көрмесі өтеді.

Биыл көрмеге 25 елден 300-ден астам компания қатысады. Бір алаңда агробизнес өкілдері, фермерлер, сарапшылар, мемлекеттік органдар мен халықаралық делегациялар бас қосады.

KazAgro — тұқымнан бастап, егін өсіру, жинау және сақтауға дейінгі өсімдік шаруашылығы технологиялары;

KazFarm — генетика, асыл тұқымды мал шаруашылығы, ет және сүт өндірісі;

Ауыл шаруашылығындағы цифрландыру, автоматтандыру, жасанды интеллект, роботтандыру және дәлме-дәл егіншілік бағыттарындағы заманауи шешімдер.

Көрме аясында панельдік сессиялар, семинарлар, конференциялар, кәсіби кездесулер және шетелдік компаниялар мен сарапшылармен іскерлік келіссөздер ұйымдастырылады.

Ерекше іс-шаралардың бірі — 75 жылдығына арналған қазақтың ақбас тұқымының «Ақбас» күні.

  • Астана қ., EXPO Халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1
  • 21–23 қазан 2026 жыл
  • Келушілер үшін кіру тегін

Ауыл шаруашылығы саласының өкілдерін, фермерлерді, кәсіпкерлерді және агроөнеркәсіптік кешеннің заманауи технологияларына қызығушылық танытатын баршаңызды көрмеге шақырамыз!

20 августа 2026
Техниканы техникалық байқаудан өткізуге онлайн өтінім беру

1 egov.kz сайтына кіріп → ЭЦҚ немесе QR арқылы авторизациядан өтіңіз → elicense.kz сайтына өтіңіз.

 

2 Қызметті таңдаңыз:

«Ауыл шаруашылығы» бөлімінен:

«Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.

 

3 Өңірді көрсетіңіз:

 Павлодар облысы → Екібастұз қаласы → «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

 

4 Деректерді толтырыңыз:

Т.А.Ә., ЖСН, телефон нөмірі, мекенжайы

Техникалық паспорттағы техника туралы мәліметтерді енгізіңіз: маркасы, мемлекеттік нөмірі, шасси нөмірі (VIN) және қозғалтқыш нөмірі.

Техниканың орналасқан мекенжайын көрсетіңіз.

 

5 Техникалық паспорттың скан-көшірмесін тіркеңіз (PDF форматында).

 

6 Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.

 

Өтінімнің мәртебесін Жеке кабинет → «Менің өтінімдерім» бөлімінен тексеруге болады.

 

Техникалық байқауды өткізу мәселелері бойынша:

 Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 3-қабат, №314 кабинет.

 

28 июля 2026
Құрметті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері!

27 июля 2026
Жатаған укекіре – ауыл шаруашылығына қауіпті карантинді арамшөп

Өсімдік карантині – еліміздің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Қазақстан аумағында таралуы шектелетін немесе ерекше бақылауда болатын зиянды организмдердің қатарына карантинді арамшөптер де жатады. Солардың ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарына елеулі зиян келтіретін қауіпті өсімдіктің бірі – жатаған укекіре (Acroptilon repens).

Жатаған укекіре – көпжылдық, өте төзімді, тамыр жүйесі жақсы дамыған карантинді арамшөп. Ол негізінен егістік алқаптарында, жайылымдарда, шабындықтарда, жол жиектерінде және бос жатқан жерлерде өседі. Қолайлы жағдайда тез көбейіп, кең аумаққа таралады. Бұл арамшөп тұқымы арқылы да, жер астындағы тамырсабақтары арқылы да көбейетіндіктен, онымен күресу өте қиын.

Жатаған укекіренің басты ерекшелігі – оның қуатты тамыр жүйесі. Тамырлары 10 метр тереңдікке дейін бойлап, жан-жаққа тарайды. Тамырдың кішкене ғана бөлігі топырақта қалып қойса, одан қайтадан жаңа өсімдік өсіп шығады. Сондықтан. жерді жай ғана жырту немесе шабу бұл арамшөпті толық жоюға мүмкіндік бермейді.

Бұл өсімдік ауыл шаруашылығы дақылдарымен жарыса өсіп, топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды молынан пайдаланады. Соның салдарынан мәдени дақылдардың өнімділігі төмендеп, егіннің өнімі мен сапасы нашарлайды. Сонымен қатар, жатаған укекіре мал азығының сапасын да төмендетеді. Мал бұл өсімдікті көп жағдайда жемейді, ал шөп құрамына араласқан жағдайда жемшөптің сапасы төмендеп, сүт пен ет өнімдерінің дәміне де кері әсер етуі мүмкін.

         Жатаған укекіренің таралуына көбіне ластанған тұқымдық материал, ауыл шаруашылығы техникасы, су арналары, жел және адам әрекеті себеп болады. Сондықтан карантиндік талаптарды сақтау – оның таралуының алдын алудың негізгі жолдарының бірі.

         Қазақстан Республикасында жатаған укекіреге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Олар:

-егістік алқаптарын жүйелі түрде тексеру;
-карантиндік фитосанитариялық мониторинг жүргізу;
-жатаған үкекіре анықталған жағдайда оны оқшаулау және жою;
- агротехникалық, механикалық және химиялық күрес әдістерін кешенді қолдану;
- таза тұқым материалын пайдалану және ауыл шаруашылығы техникасын тазалау.

Жатаған укекіремен күресте агротехникалық шаралардың маңызы зор. Ауыспалы егіс жүйесін сақтау, жерді уақытылы өңдеу, мәдени дақылдарды дұрыс орналастыру және арамшөптердің гүлдеп, тұқым шашуына жол бермеу – тиімді алдын алу шараларының бірі. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген гербицидтер мамандардың ұсынысына сәйкес пайдаланылуы тиіс.

Өсімдік карантині саласындағы заңнама талаптарын сақтау – әрбір жер пайдаланушының міндеті. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен жер иелері өз алқаптарын тұрақты бақылап, карантинді арамшөптердің таралуына жол бермеуге жауапкершілікпен қарауы қажет.

Қорытындылай келе, жатаған укекіре – ауыл шаруашылығы өндірісіне елеулі экономикалық зиян келтіретін қауіпті карантинді арамшөп. Онымен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барлық жер пайдаланушылардың ортақ міндеті. Карантин талаптарын сақтау, уақтылы мониторинг жүргізу және тиімді күрес шараларын қолдану арқылы ғана оның таралуын шектеуге және ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін сақтауға болады.

 

Баянауыл ААИ-ның бас маманы-өсімдік қорғау

және карантин инспекторы Б. Б. Ақажан

18 июня 2026
«Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сәйкес

Павлодар облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының 2026 жылғы 15 маусымдағы №15 ақпаратына сәйкес, 16 маусымда түнде Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, ал шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар қаласы: 16 маусым күні күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, түнде тұман болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар мен оқиғалардың алдын алу мақсатында Сізге:

- тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар объектілерде автономды электрмен жабдықтау көздерінің дайын болуын қамтамасыз ету;

- халық арасында елді мекендерден тыс жерлерге көлік қозғалысын шектеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу (қажет болған жағдайда);

әкімдіктерде және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру (қажет болған жағдайда);

- ғимараттар мен құрылыстардың қолайсыз метеорологиялық құбылыстардың әсеріне төзімділігін арттыру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу.

Қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда облыстық ТЖД жедел кезекшісіне 32-36-92 телефоны арқылы және қалалық/аудандық төтенше жағдайлар органдарына дереу хабарлау қажет.

28 мая 2026
Ақпараттық брошюралар кеңінен таратылды

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жол талғамайтын арнайы техникаларды басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметі бойынша ақпараттық брошюралар кеңінен таратылды.

22 мая 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

2026 ж.22- мамыр.

 

2026 жылғы 22-мамырдан 15-маусым аралығанда (ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін) Екібастұз қаласының Байет, Төртүй, Ақкөл, Қоянды, Теміржол, Шиқылдақ ауылдық округтерінің, Шідерті кентінің және Екібастұз қаласының аумағындағы мемлекеттік қор жерлеріндегі  3274 га  саяқ шегірткеге және Байет, Төртүй ауылдық округтерінде мемлекеттік қорда 473 гектар үйірлі шегірткеге (дәнді  дақылдар мен ауыл шаруашылғының зиянды және аса қауіпті зиянды зиянкестеріне) қарсы адам денсаулығы мен малдарға және су көздеріне  қауіпті  «Инсектор» және «Диурон» пестицидімен «ЗАП КАЗ Фумигация» ЖШС 3 жер үсті желдеткіш бүріккішпен мемлекеттік қор жерлерінде  және «Pest Mosg treatmtnt» ЖШС 2 жер үсті желдеткіш бүріккішпен  аса қауіпті зиянды ағзалар қатарындағы итальяндық прус дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізетіндігін хабарлаймыз.

Химиялық өңдеу жүргізу барысында және жүргізілгеннен кейін өңделген жерлерге 30 тәулік бойы адамдардың  демалуына, мал бағуына, шөп шауып тасымалдауына, жеміс-жидек, саңырауқұлақ теруіне болмайтындығы жеткізіледі және ауылдық округ әкімдері арнайы белгілер қойып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды жиі құлақтандырып отырулары қажеттігін ескертеміз.

 

 «ҚР АШМ АӨК МИК Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

 

 

22 апреля 2026
"Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша Екібастұз қаласында қаржыландыруды қалай алуға болады?

21 апреля 2026
Инвестициялық салымдарды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі №115 бұйрығымен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің инвестициялық салымдары кезінде жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

📅 Өзгерістер 2026 жылғы 21 сәуірден бастап күшіне енеді.

🔷 Негізгі өзгерістер:

✔ Субсидияланатын техниканың тізбесі кеңейтіліп, оның ең жоғары рұқсат етілген құны жаңартылды

✔ №32 жаңа жоба паспорты енгізілді — «Тауық жұмыртқасын өңдеу зауытын салу және кеңейту», өтеу үлесі 40%

📌 Қабылданған шаралар бағытталған:

* субсидиялау рәсімдерінің ашықтығын арттыруға

* мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануға

* агроөнеркәсіптік кешенге инвестицияларды ынталандыруға

🔗 Толығырақ: https://zan.gov.kz/client/#!/search/results/jdn=38348

17 апреля 2026
Фитосанитариялық есепке алуды жүргізу және фитосанитариялық есептілікті ұсыну жөнінде түсіндірме

Егіншілікпен айналысатын ауыл

                            шаруашылық құрылымдары

басшыларының назарына!

 

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Заңының 13-бабы 1-тармағы және 14-5 бабының 3-тармағында: Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар «Фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс етеді»- делінген.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы»  2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а.  2026 жылғы 27 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген.  

       Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (егіншілікпен айналысатын) фитосанитариялық есептілікті төмендегі  фитосанитариялық есепке алу нысандарымен көрсетілген мерзімдері бойынша тапсырады:  

Жартыжылдық есептерді: Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есебі  ФЕ-1,  пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп  ФЕ-2, пестицидтерді сақтау туралы есебі ФЕ-3 нысаны бойынша жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі 05 шілдеге дейін және 05 қаңтарға дейін. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

      Жылдық есеп Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есебі ФЕ-5, жыл сайын, нақты сақтау орны бойынша 05 қаңтарға дейін. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

     Айлық есептерді: Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есебі ФЕ-4 нысанымен ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есеп беруден кейінгі әр айдың 05-не дейін аудандық аумақтық инспекциясына  тапсырулары қажет. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

Яғни Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына Екібастұз қаласы, Қазбек Нұралин  көшесі 205 а үй мекен-жайына тікелей немесе 8(7187) 33-64-97 телефон/факсына және akazhan.b@minagri.gov.kz. электрондық поштасына  жолдауға болады.

 

Баянауыл ААИ-ның бас маманы-өсімдіктерді

қорғау және карантині  жөніндегі инспекторы                Б.Б. Ақажан    

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы