Меню

Страницы

Статья

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – әділетті қоғамның негізі

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және қоғамның әл-ауқатына елеулі қауіп төндіретін келеңсіз құбылыс. Ол мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін төмендетіп, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне кері әсерін тигізеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құқықтық мемлекет құрудың және әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды тетігі ретінде қарастырылады. Мемлекет заңнаманы жетілдіру мен қатар, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен есептілігін арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға және цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған кешенді жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей байланысты азайтып, жемқорлық тәуекелдерін төмендету.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттарын айқындайды. Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның жолын кесу. Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы, ашықтығы, жауапкершілігі мен кәсібилігі – мемлекеттік қызметтің басты талаптарының бірі.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету кеңінен дамып келеді. Электрондық үкімет жүйесі арқылы көптеген қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, артық әкімшілік кедергілерді азайтады. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша ашықтықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды бағытының бірі – профилактикалық жұмыстар. Жемқорлықтың салдарымен күрескеннен гөрі оның алдын алу әлдеқайда тиімді. Осыған байланысты мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, қызметкерлер арасында түсіндіру кездесулері, семинарлар, дөңгелек үстелдер және құқықтық оқыту іс-шаралары ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңталаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын орнықтыруда білім беру ұйымдарының, отбасының, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтық қоғам институттарының рөлі ерекше. Жас ұрпаққа адал еңбек ету, заңды құрметтеу, әділ болу және қоғамдық мүддені жоғары қою құндылықтарын ертежастан сіңіру – болашақта жемқорлықсыз қоғам қалыптастырудың басты кепілі.

Әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қоса алады. Заң талаптарын сақтау, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау және азаматтық жауапкершілік таныту – қоғамдағы әділеттілікті нығайтудың маңызды шарттары. Жемқорлық фактілері туралы уақтылы хабарлау және заңталаптарын сақтау – құқықтық мемлекеттің негізін күшейтеді.

Мемлекеттік қызметшілер үшін әдеп нормаларын сақтау ерекше маңызға ие. Қызметтік міндеттерді адал орындау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әділдік таныту мемлекеттік қызметтің беделін арттырады. Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби және адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты.

Президент жүргізіп отырған реформалардың негізгі мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, халықтың мемлекетке деген сенімін нығайту және «Заң мен Тәртіп» қағидатын қоғам өмірінің барлық саласында орнықтыру. Осы бағыттағы жұмыстар елдің тұрақты дамуына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға негіз болады.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, ол бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір азамат адалдықты, әділдікті және заңдылықты өмірлік қағидасына айналдырған жағдайда ғана жемқорлықсыз қоғам құруға болады. Адал еңбек пен жоғары жауапкершілік – қуатты мемлекет пен әділетті қоғамның басты кепілі. Қазақстанның жарқын болашағы – әрбір азаматтың заңға құрметпен қарап, өз міндетін адал орындауына байланысты.

 

Дата публикации
18 августа 2026
Дата обновления
18 августа 2026
Тип

Сейчас читают

18 августа 2026
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – әділетті қоғамның негізі
Баспасөз релиздері
08 октября 2024
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және ол неден басталады?
Баспасөз релиздері
08 октября 2024
Шегіртке – аса қауіпті зиянкес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы