Тізілімге сәйкес "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді.
2023 жылы 863 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қызмет түрлері бойынша:
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай – ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру-132 Мемлекеттік қызмет.
Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу – 489 мемлекеттік қызмет.
Тракторлар мен олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 217 Мемлекеттік қызмет.