«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі, соның ішінде:
1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, жол-құрылыс техникасын басқару құқығына куәліктер беру - 61 мемлекеттік қызмет;
2) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, жол-құрылыс техникасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және МТНБ беру – 76 мемлекеттік қызмет;
3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, жол-құрылыс техникасын жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 32 мемлекеттік қызмет;
4) кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын тіркеу және қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, олардың тіркемелерінің, жол – құрылыс техникасының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру – 3 мемлекеттік қызмет.
2022 жылғы І тоқсанда 172 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
Аса талап етілген мемлекеттік қызмет түрі:
- Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру.
Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру барысында тұрақты жұмыс атқарады. Бөлімнің дәлізінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараты бар тақта орнатылған.
Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, нақты мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау механизмдерін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жақсарту (оңтайландыру және бизнес үрдісті автоматтандыру) бойынша ұсыныстар енгізген жоқ.
Есептік кезеңде тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ.
Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым-арыздар түскен жоқ.