1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2020 жылғы есеп беруі.
Баяндама жасаған: Н.А. Абильденова – Мал шаруашылығын және өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша сектор меңгерушісі.
2. Есепті талқылау.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді.
2020 жылы мемлекеттік қызметтің 4 түрі бойынша 643 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде қызмет түрлері бойынша:
1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру – 229;
2) тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру – 276;
3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 123;
4) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу – 15;