«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі.
2020 жылғы 2 жартыжылдықта 358 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру барысында тұрақты жұмыс атқарады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына техникалық байқауға шығу кестесі жазылған жарияланымдар, құжаттарды қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері туралы хабарламалар орналастырылды. Бөлімнің дәлізінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараты бар тақта орнатылған.
2020 жылғы 2 жартыжылдықта ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша 6 құқықтық жалпы оқыту жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, нақты мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау механизмдерін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жақсарту (оңтайландыру және бизнес үрдісті автоматтандыру) бойынша ұсыныстар енгізген жоқ.