«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2020 жылғы 1 жартыжылдық қызметі туралы есеп

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі.

2020 жылдың 6 айында 285 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жазбаша түрде – 285;

- Мемлекеттік корпорация арқылы – 0;

- электронды түрде – 0 мемлекеттік қызмет.

Аса талап етілген мемлекеттік қызмет түрлері:

- Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шасси мен механизмдерге, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарына, сондай-ақ жол талғамайтын арнайы көліктерге тіркеу құжатын (төлнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісін беру және жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау.

Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру барысында тұрақты жұмыс атқарады. Бөлімнің дәлізінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараты бар тақта орнатылған.

2020 жылғы 1 жартыжылдықтаауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша 6 құқықтық жалпы оқыту жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, нақты мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау механизмдерін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жақсарту (оңтайландыру және бизнес үрдісті автоматтандыру) бойынша ұсыныстар енгізген жоқ.

Дата публикации
01 июля 2020