«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі.
2021 жылғы І тоқсанда 346 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- жазбаша түрде – 0;
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 0;
- электронды түрде – 346 мемлекеттік қызмет.
Аса талап етілген мемлекеттік қызмет түрі:
- Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру.
Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру барысында тұрақты жұмыс атқарады. Бөлімнің дәлізінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараты бар тақта орнатылған.
2021 жылғы І тоқсанда ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша 3 құқықтық жалпы оқыту жүргізілді.