1. Жалпы ережелер
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының аумағында ауыл шаруашылығын дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесі, 62-құрылыс.