Меню

Страницы

Статья

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында сыбайлас жемқорлықты жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың заңсыз пайдалануы ретінде айқындау берілген, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуы.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңның 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

         Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

         Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Бөлімнің интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат»  бөлімі құрылды, Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты орналастырылды.

         Құқықтық жаппай оқыту шеңберінде бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын зерделеу бойынша сабақтар үнемі жүргізіледі. 

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға байланысты құқықтық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша Бөлім қызметінің негізгі қағидаттары:

  • заңдылық;
  • өтініштерге қойылатын талаптардың бірлігі;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуының кепілдіктері;
  • өтініштерді қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
  • жеке және заңды тұлғалардың теңдігі;
  • субъектілер мен лауазымды тұлғалар қызметінің өтініштерді қарау кезіндегі ашықтығы.

         Құжаттармен жұмыс істеу кезінде оларды орындау мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударылады.

         Сондай-ақ, заңды және жеке тұлғаларға сайтта сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратты (шағымдарды) орналастыру мүмкіндігі берілген.

         Бөлімде стендтерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы хабарландырулар орналастырылған.

         Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы өтініштер түскен жоқ.

         Бөлімнің ресми интернет сайтында «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»  бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері орналастырылған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат, мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалардың байланыс деректері бөлімнің стендінде, сондай - ақ интернет-ресурста және басқа да ресми ақпарат көздерінде орналастырылған.

         Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат, мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалардың байланыс деректері бөлімнің стендінде орналастырылған.

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

         Заңмен Сауда-саттықты өткізу тәртібі нақты белгіленген. Сауда-саттықты өткізу тетігі жерді бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмайды. Сауда-саттық негізінен жариялылық, әлеуетті сатып алушылар арасындағы бәсекелестік және ашық бәсекелестік принциптерін қамтамасыз етеді.

Бөлім жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің 10 түрін көрсетеді, оның ішінде: 8 - «Геопартал» өңірлік ақпараттық жүйесі және Е-Лицензиялау арқылы электрондық түрде көрсетіледі, 2 - тек қағаз түрінде көрсетіледі, қызметтерді беру электрондық түрде көзделмеген. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен байланысы барынша азайтылды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

         Бөліммен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде және бақылауда тұр.

         Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша алдын алу шараларын қабылдау тұрақты негізде түсіндіріледі.

         Жыл сайын бөлімнің барлық мемлекеттік қызметшілері табысы туралы декларацияны уақытында тапсырады.

         Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізіледі.

         Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, бөлімде мемлекеттік қызметшілердің имиджін қолдау жөніндегі жұмыс жалғастырылып жатыр.

        

 

 

Дата публикации
18 ноября 2022
Дата обновления
18 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
29 апреля 2023
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
18 ноября 2022
«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы»

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы