Екібастұз қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Екібастұз қалалық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Бұл жоба 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық әрі/немесе құқықтық салдары жоқ.

Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА https://legalacts.egov.kz бөліміне орналастырылды.

Дата публикации
03 декабря 2020