Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңының 26–бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы «Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласы ауылдық аймағының жерлерін салық салу мақсатында аймаққа бөлу сұлбаларын бекіту туралы» № 292/34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4280 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3, 4, 5, 8–қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4-қосымшыларына сәйкес жана редакцияда жазылсын.
2. 6, 11-қосымшалар алынып тасталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.