Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» № 499/64 шешімі Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексінің 509-бабы негізінде әзірленді. 2025 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі бекітіліп, оған сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 581-баппен реттеледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы «Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» № 302/35 шешімі Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексінің 510-бабы негізінде әзірленді. 2025 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі бекітіліп, оған сәйкес базалық салық мөлшерлемелерін түзету мәселелері 582-баппен реттеледі.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін осы шешімдердің күші жойылды деп танылады.
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 581, 582-баптарына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салық мөлшерлемелерін бекіту, сондай-ақ базалық салық мөлшерлемелерін түзету жөніндегі нормативтік құқықтық актілер қосымша әзірленетін болады.
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткізілмей, Эталондық бақылау банкінде орналастырылатын болады.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15700217 мекенжай бойынша орналастырылған.