Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының мөлшерлемелерін жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан аспайтын төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар.
Жоғарыда көрсетілген норманы орындауда Екібастұз қалалық мәслихатының шешім жобасымен Екібастұз қаласы мен Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша базалық салық ставкалары түзетіледі.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15700236 мекенжай бойынша орналастырылған.