Екібастұз қалалық мәслихатының «Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкаларын ұлғайту туралы» шешімінің жобасына ПРЕСС - РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің 581-бабының 3-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органның шешімі бойынша автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкалары ұлғайтылуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген норманы орындауда Екібастұз қалалық мәслихаты шешімінің жобасында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленеді және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкалары ұлғайтылады.

         Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

         Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

         Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15700222 мекенжай бойынша орналастырылған.

Екібастұз қалалық мәслихатының «Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкаларын ұлғайту туралы» шешімінің жобасына ПРЕСС - РЕЛИЗ
Дата публикации
14 ноября 2025