«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының бұйрығына сәйкес – «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15506432 мекенжай бойынша орналастырылған.