2024 жылдың есепті кезеңінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ Мемлекеттік қызметтің 13 түрі бойынша 2425 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде 1927, қағаз жүзінде 109.
Дәлелді бас тартулар-389.
Бөлім қызметкерлері белгіленген нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрақты негізде бақылау жүргізеді. Бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету саласында 3 Тікелей эфир өткізілді. 2024 жылғы 11-13 желтоқсан аралығында бас маман Дюсембаева Дамира Сармуратовна «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқудан өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметкерлердің IT-сауаттылығын арттыру бойынша ай сайын дөңгелек үстелдер мен құқықтық жалпы оқыту өткізіледі.
Барлық туындаған проблемалық мәселелер жұмыс тәртібімен шешіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және бақылауда болады.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі» ММ басшы Д.Даулбаев