Екібастұз қаласы әкімдігі қаулысының жобасына «Екібастұз қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Екібастұз қаласының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» № 524/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» баяндама

Екібастұз қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 524/6 қаулысымен жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Екібастұз қаласының жайылым айналымдарының схемасы бекітілді.

2024 жылы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде ұсынылатын жайылым айналымдарының схемаларын бекіту бойынша облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне өзгерістер енгізілді. Қаулы жобасымен «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Екібастұз қаласының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 524/6 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15417840 мекенжай бойынша орналастырылған.

Екібастұз қаласы әкімдігі қаулысының жобасына «Екібастұз қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Екібастұз қаласының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» № 524/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» баяндама
Дата публикации
30 января 2025