Осы нормативтік-құқықтық акт Қазақстан Республикасының Жер кодексі 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 12-бабының 3) тармағына сәйкес әзірленді.
Елдi мекен – Қазақстан Республикасы аумағының халық жинақы орналасқан, халық саны кемiнде 50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есепке алынған және тiркелген әрі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау Екібастұз қаласының елді мекендерінің аумағын белгілеу және ауылдық округтердің жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін қажет.
Жобаны әзірлеудің негізгі мақсаты реттелмеген мал жаюдың теріс салдарын азайтуға мүмкіндік беретін жайылым айналымы жүйесінде елді мекендерге бекітілген жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану болып табылады.