"Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
"Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту";
"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат";
"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат",
"Суармалы егістікті суарылмайтын жер түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру",
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру".
2016 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге 1087 өтініш түсті, оның ішінде:
- "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" - 766, оның ішінде - 612, Мемлекеттік корпорация арқылы - 78, бас тартылды-154;
- "Жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" - 175, оның ішінде 135, Мемлекеттік корпорация арқылы - 135, бас тартылды - 40;
- "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат" - 139, оның ішінде 64, Мемлекеттік корпорация арқылы – 9, бас тартылды-75;
- "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат" - 5, көрсетілді-5;
- "Суармалы егістікті суарылмайтын жер түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру" - 0;
- "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" - 2, көрсетілді-2.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар болған жоқ. Ай сайын Екібастұз қаласының ХҚКО-мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша салыстырып тексеру жүргізіледі.
"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" бойынша Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін электрондық түрде – 3 (техникалық себептер бойынша), "жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" бойынша электрондық түрде - 1 бұзушылықтар бойынша маманға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері интернет-ресурстарда орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жоспардан тыс тексеру іс-шараларын жүргізуге қатысты тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3-тармағы, 147-бабының 1-тармағы негізінде 2016 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті "әкімдіктің жер қатынастары бөлімі" ММ Екібастұз қаласы " Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін сақтау бөлігінде өткізілді, сондай-ақ "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"Қазақстан Республикасының Заңы.
Тексеру қорытындысы бойынша бөлім маманына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды.