Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының агроөнеркәсіп секторды дамыту, экология және табиғатты пайдалану бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.