«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
  2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» №1505/12 қаулысы жойылсын.
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы ҚАУЛЫ
Дата публикации
30 мая 2022