«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

  1. Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
  3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
30 мая 2022