Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық әрі/немесе құқықтық салдары жоқ.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА https://legalacts.egov.kz бөліміне орналастырылды.