Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) санаттары белгіленсін.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері ұлғайтылсын.

3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Екібастұз қаласы болып айқындалсын.

4. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» № 314/36 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4492 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Екібастұз қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

 

Р/с №

Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері

Автотұрақтар (паркингтер) мақсаты

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Автотұрақтар (паркингтер) санаты

1

Қызметтік

автотұрақтар

(паркингтер)

Жеке және заңды

тұлғаларға тиесілі

автокөлік

құралдарын тегін

негізде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

1- санат

2

Айыппұл

автотұрақтары

Автокөлік

құралдарын айыппұл

автотұрақтарында сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

3

Аз қозғалатын

топтардың

автокөлік

құралдарын және

велокөлік қоятын

паркингтер

Аз қозғалатын

топтардың

автокөлік

құралдарын және

велокөлік

сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

4

Тәулік бойы бір

орынға

бірнеше жүк

машиналары

қойылатын және

сағаттық

немесе тәуліктік

тариф

қолданатын

автотұрақтар

(паркингтер)

Бекітілген тариф

бойынша ақылы

негізде жеке және

заңды тұлғаларға

тиесілі жүк

автокөліктерін

қысқа

мерзімде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

2- санат



5

Ғимараттардың

 цокольді

және (немесе)

жерасты

деңгейінде

орналасқан

және(немесе)

көзделген

және осындай

ғимараттардың

ажырамас құрамдас

бөлігі болып

табылатын

автотұрақтар

(паркингтер)

Жеке және заңды

тұлғаларға тиесілі

көлік құралдарын

ақылы негізде

сақтау

Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылымды, құрылысты пайдалану және қызмет көрсету үшін

6

Тұрақты орындары

белгіленген күрделі

құрылыспен

байланысты

көпдеңгейлі

автотұрақтар

(паркингтер)

Жыл сайын

белгіленген

төлеммен

жеке және

заңды тұлғаларға

тиесілі автокөлік

құралдарын сақтау

Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

7

Тәулік бойы бір

орынға бірнеше

жеңіл машина

қойылатын және

сағаттық немесе

тәуліктік тариф

қолданатын

автотұрақтар

(паркингтер)

Бекітілген тариф

бойынша ақылы

негізде жеке және

заңды тұлғаларға

тиесілі көлік

құралдарын қысқа

мерзімде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін

3- санат

Дата публикации
03 октября 2019