Шешім жобасына түсініктеме анықтамасы

2016 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 444-бабы 1-тармағы, 386-бабы 5-тармағы негізінде Екібастұз қаласы мәслихатының «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Екібастұз қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» №49/9

Аталған шешім сол кезде 2008 жылғы 10 желтоқсанда қолданыста болған, 2018 жылғы 1 қаңтарда күшін жойған Салық кодексіне сәйкес қабылданды.

Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады.

Айтылғандардың негізінде, осы жоба қабылданған нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Дата публикации
03 декабря 2020