Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есе арттырылсын.
2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 тамыздағы «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Екібастұз қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 49/9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5226 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының агроөнеркәсіптік секторды дамыту, экология және табиғатты пайдалану бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.