2017 жылғы 20-ақпанда Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Заңы қабылданды.
Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдар мен олардың инфрақұрылымының жай-күйін жақсартуға, жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасы мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) жайылымдарды ұтымды пайдалану;
2) жеке және заңды тұлғалар үшін жайылымдардың қолжетімді болуы;
3) жайылымдарды беруге және пайдалануға байланысты іс-шараларды жүргізу кезіндегі жариялылық;
4) жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі мәселелерді шешуге жеке және заңды тұлғалардың қатысуы.
Тікелей осы заңнама актілерінде, Заңды іске асыру бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органның құзыреті айқындалған, ол мыналарды қамтиды:
1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту;
2) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есебін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен тыңдау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Осы Заңның нормаларын орындау мақсатында, жер қатынастары бөлімімен 2021-2022 жылдарға арналған Екібастұз қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар әзірленді. Бұл Жоспар халықтағы тікелей қолда бар ауыл шаруашылығы малдар басын ескере отырып, барлық ауылдық елді мекендер бойынша жайылым айналымының сызбасын қамтиды.