«Kazferro Limited» ЖК ферроқорытпа өндіру зауытына баратын кірме теміржол жолының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта жылжымалы тепловозбен сынақтық жүрістер жүргізілуде.
Соңғы үш жылда құрылыс бөлімі қала аумағында сыртқы жарықтандыру желілерін салу бойынша үш кезеңді, сондай-ақ балалар ойын алаңдарын жарықтандыру жобасын іске асырды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 150 аула, 100-ден астам көше мен учаске, сондай-ақ 66 балалар ойын алаңы жарықтандырылды.
Салынған сыртқы жарықтандыру желілерінің жалпы ұзындығы 80 шақырымнан астамды құрады.
Байет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда.
Хабарландырудың толық мәтінімен:
Е қызмет ашық порталында https://www.eqyzmet.gov.kz/ сілтемесі арқылы;
Екібастұз қаласы әкімдігінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz?lang=ru сілтемесі арқылы;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru сілтемесі арқылы танысуға болады.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің анықтама үшін телефоны: 8(7187)34-08-56.
Балалар ойын алаңдарын сыртқы жарықтандыру бойынша жұмыстар орындалды
📍 Қ. Сәтбаев көшесі, 37/1–37/6
9-шы шағынауданында екі бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Бірінші үйде бірінші қабаттың кірпіш жұмыстары жүргізілуде, ал екінші үйде құрылысшылар екінші қабатқа көтерілген. Жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Байет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр!
🔨 Құрылыстың белсенді кезеңі басталды: қабырғалар көтеріліп, қасбетті қалау жұмыстары жүргізілуде, құрылыс техникасы жұмыс істеуде.
Пшeнбаев көшесі 30/1, 30/2, 30/3 мекенжайы бойынша үш 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, қолданысқа енгізілді.
Аула аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталу кезеңінде.
Тұрғын үйді бөлу мәселелері бойынша экономика және қаржы бөліміне жүгіну қажет @economica_karjy
Екібастұз қаласындағы Беркімбаев көшесінде канализациялық коллекторды қайта жаңарту жұмыстары басталды
Торайғыров көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі учаскеде канализациялық коллекторды жерасты (санация әдісімен) қайта жаңарту жұмыстары басталғанын хабарлаймыз. Коллектордың диаметрі — 500–400 мм.
Санация әдісін қолдану жол жабыны мен қалалық инфрақұрылым нысандарын сақтап қалуға мүмкіндік береді және тұрғындар үшін қолайсыздықтарды барынша азайтады.
Құрылыс бөлімі "Екібастұз қаласында, Теміржол ауылдық округінің аумағы жалпы ауданы 900 га суармалы учаскеге арналған сорғы станциясы мен инженерлік желілер салу” жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледі. Бизнестің 2020-2025 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру ағымдағы жылы жоспарланып отыр.