Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже өзектендіру және жергілікті атқарушы органдар құрылымындағы өзгерістерге сәйкестендіру мақсатында жаңа редакцияда бекітіледі. Нормативтік құқықтық актінің жобасында мемлекеттік сатып алу секторының берілуіне байланысты мемлекеттік мекеменің міндеттері мен функцияларына мемлекеттік сатып алу саласындағы өкілеттіктерді енгізу көзделген.

Жобаны іске асыру үшін қосымша қаржылық шығындар талап етілмейді.

Осы қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталындағы «Ашық НҚА» бөлімінде орналастыруға жатпайды.

 

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
22 июня 2026