Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
- Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы ««Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» №485/6 қаулысының күші жойылсын.
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.