GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
19 октября 2026
Алкоголь өнімдерінің жарнамасын орналастыруға жол берілмейтіні туралы

Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнама талаптарын сақтау мақсатында мейрамхана, кафе, сауда нысандарының иелеріне және өзге де кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімдерінің бейнелерін ғимараттардың қасбеттерінде, маңдайшаларда, витриналарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және жарнамалық жарияланымдарда заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып орналастыруға жол берілмейтінін ескертеміз.

Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін жарнамалауға бағытталған түрлі ұтыс ойындары, лотереялар және өзге де жарнамалық іс-шаралар арқылы алкоголь өнімдерінің жарнамасын таратуға, егер мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына қайшы келсе, жол берілмейтініне назар аударамыз.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 455-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес алкоголь өнімдерінің жарнамасына қойылатын белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 35-тен 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылық көзделген.

Кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнама талаптарын сақтауға, анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырамыз.

06 октября 2026
2026 жылы Екібастұз қаласында іске асырылатын инвестициялық жобалар
№ р/р Кәсіпорынның атауы Жоба атауы
1  «Mineral Product International»ЖШС Ферроқорытпа өндіретін зауыт салу
2 «Fonet Er-Tai Mining»ЖШС Катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыт салу
3  "Rail Way Steel"ЖШС Электрометаллургиялық кешен салу
4 "Энерго СпецСтрой"ЖШС Электролиттік алюминий өндіретін зауыт салу
5  «Станция Экибастузская ГРЭС 2»АҚ Екібастұз  ГРЭС-2-ні №3, 4 станциялық энергия блоктарын орната отырып, кеңейту және реконструкциялау
6  «Самрук-Энерго»АҚ ГРЭС-3 салу
7  "Argestus"ЖШС Жел электр станциясын салу
8  «Самрук-Энерго»АҚ СНЭ-мен бірлесіп, қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын  салу
9  "Railcast Systems" ЖШС Ұсталық-бандаждау кешенін салу
10  «Алиот-сервис»ЖШС Теміржол жылжымалы құрамын өндіретін өндірістік кешен салу
11  "Деповской сервис"ЖШС Вагон жөндеу депосын салу
12  "КVК-2"ЖШС Вагон өндіретін зауыт салу
13  «Экибастуз - Кирпич»ЖШС Кірпіш зауытын салу
14 "АЗА"ЖШС Асфальт-бетон зауытын салу
15  "Компания Абар"ЖШС Автожанармай құю станциясын, автогаз құю станциясын  және дүкен салу
16 "Гелиос"ЖШС Шідерті кентінде автожанармай құю кешенін салу
17  "Компания Дом Сервис"ЖШС СПА кешені, жерасты автотұрағы және тұрғын блогы бар қонақүй-мейрамхана кешенін салу
18  "Мотор Сити Павлодар"ЖШС Автоорталық салу
19  "Аквилон Трейд"ЖШС Теміржол кірме жолы бар логистикалық орталық салу
20  "Greenhous - Qaztomat"ЖШС Сыртқы инженерлік желілерсіз жылыжай кешенін салу. III кезек – №9 және №10 блоктар.
21 "Корн Агро"ЖШС Көкөніс қоймасын салу және нөсер машиналар мен қойма техникасын сатып алу
22  "Санрайз-ЭК"ЖШС Жүк вагондарына ағымдағы ағытып жөндеу жүргізу пунктін салу
23 "Grappa-STROY"ЖШС Темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыт салу
24  "Береке"ЖШС 900 га суармалы алқапқа арналған сорғы станциясы мен инженерлік желілерді салу
05 октября 2026
Іргелес аумақтарды күтіп-ұстау талаптарын сақтау туралы ескерту

Құрметті кәсіпкерлер!

Қала аумағының тиісті санитариялық және эстетикалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларында, сондай-ақ Павлодар облысы қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін еске саламыз.

Ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері, сондай-ақ тиісті объектілер қарамағында болатын жеке және заңды тұлғалар ғимараттар мен құрылыстарды және оларға іргелес аумақтарды тиісінше күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге міндетті.

Атап айтқанда, мыналарды қамтамасыз ету қажет:

* тұрмыстық және ірі көлемді қоқысты жинау және шығару;
* іргелес аумақты сыпыру және санитариялық тазалауды жүргізу;
* шөпті уақтылы шабу және жасыл желектерге тиісті күтім жасау;
* ғимараттардың қасбеттерін, қоршауларды және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда ұстау;
* іргелес аумақтың бүлінген жабындысын уақтылы жөндеу;
* пандустардың, тұтқалардың және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған басқа да қолжетімділік құралдарының жарамды күйін қамтамасыз ету;
* қыс мезгілінде іргелес аумақты қар мен мұздан уақтылы тазарту, көктайғақтың алдын алу және жою, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау.

Абаттандыру талаптарын сақтау жайлы, қауіпсіз және таза қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді және объектілердің меншік иелері мен пайдаланушыларының міндеті болып табылады.

Абаттандырудың белгіленген қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін назарларыңызға саламыз.

Кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай заңнамада ескерту жасау немесе 20-дан 100 АЕК-ке дейін мөлшерде әкімшілік айыппұл салу көзделген.

Ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларын іргелес аумақтарды санитариялық тазалау, абаттандыру және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, сондай-ақ қасбеттердің, абаттандыру элементтерінің және жасыл желектердің тиісті жай-күйін қамтамасыз етуге шақырамыз.

01 октября 2026
Дыбыстық жарнаманы тарату кезінде заңнама талаптарын сақтау туралы

Құрметті кәсіпкерлер!

Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың маңыздылығына назар аударамыз.

Азаматтардың тыныштығын бұзуға және олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге жол бермеу мақсатында жарнаманы дыбыстық ақпарат арқылы таратуға қатысты белгілі бір шектеулер белгіленген.

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ғимараттар мен үй-жайлардан тыс жерде дыбыстық ақпарат арқылы жарнаманы таратуға жол берілмейді.

Осыған байланысты ғимараттар мен үй-жайлардан тыс жерде жарнамалық ақпаратты тарату үшін дауыс зорайтқыштарды, дыбыстық құрылғыларды және өзге де техникалық құралдарды пайдалану заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

Аталған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 455-бабына сәйкес, жарнама туралы заңнама талаптарын бұзу құқық бұзушылықтың субъектісіне және заңнамада көзделген мән-жайларға қарай 60-тан 450 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Кәсіпкерлік субъектілерінен жарнамалық қызметті ұйымдастыру кезінде аталған талаптарды ескеріп, дыбыстық жарнаманы заңнамада белгіленген шектеулерді бұза отырып таратпауды сұраймыз.

12 февраля 2026
2026 жылы Екібастұз қаласында іске асырылатын инвестициялық жобалар

№ р/р

Кәсіпорынның атауы

Жоба атауы

1

«Mineral Product International» ЖШС

 

Ферроқорытпа өндіру зауытын салу

2

 «Mineral Product International» ЖШС

 

Металлургиялық зауыт салу

3

 «Mineral Product International» ЖШС

 

Фабрика DRI

4

 «Fonet Er-Tai Mining» ЖШС

Катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыт салу

5

 «ANSA Silicon» ЖШС

 

Техникалық кремний өндіру зауытын салу

6

 "Rail Way Steel" ЖШС

 

Электрометаллургиялық кешенді салу

7

«Станция Экибастузская ГРЭС 2» АҚ

,№ 3, 4 энергоблоктарды орнатумен Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта жаңғырту

8

 «Самрук-Энерго» АҚ

 

ГРЭС-3 электр станциясын салу

9

 "Argestus" ЖШС

 

 

Жел электр станциясын салу

10

 «Самрук-Энерго»АҚ

China Power Investment Holding компаниясымен бірлесіп 1 ГВт қуатты жел электр станциясын  салу

11

 "Rail cast Systems" ЖШС

 

 

 

Ұсталық-бандаж кешенін салу

 

 

 

12

«Алиот-сервис» ЖШС

 

 

Теміржол  жүріс құрамына  арналған өндірістік кешенді салу

 

 

13

 "Деповской сервис" ЖШС

 

 

Вагон жөндеу депосын салу

14

 "КVК-2" ЖШС

 

 

Вагон өндіру зауытын салу

15

 «Экибастуз - Кирпич» ЖШС

 

 

Кірпіш  зауытын салу

16

 "Корн Агро" ЖШС

 

Көкөніс сақтау қоймасын салу және қойма техникаларының суару машиналарын  сатып алу

 

17

 "Аквилон Трейд" ЖШС

 

 

«Аквилон» сауда-құрылыс орталығын салу

18

 "Береке" ЖШС

900 гектар суғармалы жер учаскесіне арналған сорғы  станциясы мен инженерлік желілерді салу

23 декабря 2025
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

 

Қаулы жобасымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 16-тармағы 2-4) тармақшасына өзгерістер енгізіледі.

Бөлімнің құзыретіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 199, 204-баптары және 455-бабы (бірінші бөлігі 1) 2), 4) тармақшалары екінші бөлігі және бесінші бөлігі) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру қосылды.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес келтіріледі.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы  «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастыруға жатпайды.

18 ноября 2025
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Екібастұз қалалық мәслихатының

«Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна

мөлшерлемелерін бекіту туралы»

шешім жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы

2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің

2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын

бекіту туралы» № 181 бұйрығына сәйкес шешім жобасымен Екібастұз қаласы

бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді,

қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді

орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітіледі.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

Осы шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе

құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде мына мекенжай бойынша орналастырылған:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15700279.

22 августа 2025
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңінің аяқтаулына 10 күн қалды

1-31 тамыз аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының бірінші кезеңі өтуде. Ауыл шаруашылығы санағының 20 күнінде 5 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері санақтан өтті. Онлайн кезеңінің аяқталуына 10 күн қалды.
Sanaq.gov.kz сайтында санақтан өтіп үлгеріңіз.
Барлық деректер тек статистикалық мақсатта қолданылады. Олар үшінші тұлғаларға берілмейді және заң бойынша құпия сақталады.
Егер компьютер қолжетімсіз болса, ауылдық әкімдіктегі өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына немесе аудандық статистика басқармаларына баруға болады.
Павлодар қаласында санақтан өту үшін Статистика департаментіне, Генерал Дүйсенов көшесі, 9 мекенжайына, демалыссыз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін хабарласыңыз.
Жұмыс күндері 55-84-07, ұялы 87779383208 нөміріне қоңырау шалыңыз, демалыс күндері 51-09-46 (вахта).
Сұрақтар туындаса (өздігінен қызмет алу аймақтарының мекенжайларын қоса алғанда), тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 байланыс орталығына қоңырау шала аласыз.

09 августа 2025
Мерекелік саудаға өтінімдер қабылдау туралы хабарландыру
Екібастұз қаласы әкімдігі «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 12 тамызда «Қазақстан» алаңында өтетін «Екібастұз Fest» жастар фестивалі аясында мерекелік саудаға қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
 
Қатысуға келесі бағыттар бойынша кәсіпкерлер шақырылады:
•тамақ өнімдері мен сусындарды сату;
•сәндік-қолданбалы өнер шеберлері.
 
Мерекелік саудаға қатысушылар сауда орнын абаттандыру және санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
 
Құжаттар тізбесі:
1.Қатысуға өтінім;
2.Жеке куәліктің көшірмесі;
3.Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
4.Тамақ өнімдерін сату кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды.
 
Өтінімді келесі электрондық поштаға жіберу қажет: gu.pred.ae@pavlodar.gov.kz
Немесе мына мекенжайға қолма-қол тапсыруға болады: Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 506-кабинет
 
Анықтама телефоны: 8 7187 34 72 54
31 июля 2025
Ақкөл ауылының 90 жылдығына арналған мерекелік саудаға өтінім қабылдау
Екібастұз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің мемлекеттік мекемесі Ақкөл ауылының 90 жылдығына орай ұйымдастырылатын мерекелік саудаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
 
Іс-шараның өткізілу күні: 3 тамыз
Өтетін орны: Ақкөл ауылы
 
Қатысуға шақырылады:
– Декоративті-қолданбалы өнер шеберлері
– Азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетушілер
– Азық-түлік өнімдерін сатушылар
 
Өтінімді келесі электрондық поштаға жіберуге болады: gu.pred.ae@pavlodar.gov.kz
Немесе келесі мекенжайға келіп тапсыру қажет: Экибастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 506-кабинет
 
Анықтама телефоны: 8 7187 34 72 54
 
Құжаттар тізімі:
1.Қатысуға өтінім;
2.Жеке куәліктің көшірмесі;
3.Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
4.Азық-түлік өнімдерін сату кезінде – санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы