Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 ақпандағы «Екібастұз қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» №132/16 шешімі Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексінің 696-3-бабына сәйкес әзірленді. 2025 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі бекітіліп, оған сәйкес арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшері мәселесі Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 726-бабымен реттеледі.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін осы шешімнің күші жойылды деп танылады.
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 726-бабына сәйкес арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін бекіту жөнінде нормативтік құқықтық акт қосымша әзірленетін болады.
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткізілмей, Эталондық бақылау банкінде орналастырылатын болады.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде мына мекенжай бойынша орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15700262.