Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 291/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық әрі/немесе құқықтық салдары жоқ.

Дата публикации
29 октября 2020