Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 291/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 291/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5085 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірде «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
29 октября 2020