«Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 1010/11 «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларына сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты стихиялық сауданы жою, стационарлық емес сауда объектілерінің көшпелі саудасын ретке келтіру және Екібастұз қаласының аумағында бөлшек сауданы жүзеге асыру болып табылады.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

         Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

         Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталының «НҚА ашық»    https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15314948 бөлімінде орналастырылған.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 1010/11 «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Дата публикации
28 ноября 2024