Бұл жоба Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты Екібастұз қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендету болып табылады.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14898671