Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

          Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты стихиялық сауданы жою, стационарлық емес сауда объектілерінің көшпелі саудасын ретке келтіру және Екібастұз қаласының аумағында бөлшек сауданы жүзеге асыру болып табылады.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

         Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

        Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталының «НҚА ашық»    https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14734222 бөлімінде орналастырылған.

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Дата публикации
29 сентября 2023