Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттары айқындалсын және бекітілсін.
  3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы ҚАУЛЫ
Дата публикации
29 сентября 2023