Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» 2016 жылғы 17 наурыздағы № 291/3 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.