Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» №181 бұйрығына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулігі үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде бекітілсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.