Екібастұз қаласы мәслихатының «Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» №181 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» №181 бұйрығының 8 - тармағына сәйкес шетелдіктер үшін туристік жарнаға туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулігі үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде тіркелген мөлшерлеме қолданылады.
Осы шешім жобасы қосымша қаржыландыруды көздемейді және теріс әлеуметтік – экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.