Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» №787 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда, жатақханаларда, қонақүйлерде, жалдамалы тұрғын үйлерде орналастыруды қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері әрбір болған тәулігі құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.