Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнамөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 787 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсандықоса алғанда туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 5 (бес) пайызы болып бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнамөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
10 января 2023