Облыс әкімінің жариялаған абаттандыру айлығы аясында Екібастұз қаласында сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Кеншілер саябағында 400-ден астам ағаш көшетін отырғызу жұмыстары басталды. Жалпы күзгі кезеңде саябақ аумағына 3500-ге жуық ағаш отырғызу жоспарланған.
Жоспарға сәйкес, оның 1000-ға жуығын саябақты қайта құру жобасы аясында мердігер ұйым отырғызады. Ал 2500-ге жуық ағашты қала құраушы кәсіпорындар отырғызады.
Көгалдандыру жұмыстарына кәсіпорын басшылары, аға буын өкілдері, жастар және қаланың белсенді тұрғындары қатысуда.
Аталған жұмыстар қаланың жасыл желек қорын арттыруға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға және Екібастұздың көрікті келбетін қалыптастыруға бағытталған.
Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық комиссияның жұмысы аясында Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз колледжінде көшпелі отырыс өткізілді.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениет пен сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту және қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Негізгі мақсат – жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру.
Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық комиссия жұмысы аясында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде көшпелі отырыс өткізілді.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың, дропперліктің, буллинг пен бопсалаудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Басты мақсат – жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру.
Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық комиссия жұмысы аясында Екібастұз қаласының медициналық колледжінде көшпелі отырыс өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты күшейту.
Отырыста жастар арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар есірткі құралдарын қолдану мен таратудың алдын алу, жастардың есірткі заттарын таратуға байланысты заңсыз қызметке тартылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында интернет-алаяқтық, дропперлік, буллинг және бопсалаудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттілігі де айтылды.
Қатысушылар жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар, ата-аналар және қоғамның бірлескен жауапкершілігі екенін атап өтті.
Кездесу соңында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша алдағы бірлескен жұмыс бағыттары талқыланды.
Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Логос» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен студент жастармен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және ата-анаға деген құрметті қалыптастыру.
Іс-шараға Екібастұз қалалық мешітінің наиб имамы Кусаинов Төлеген Мұратұлы қатысып, жастармен отбасылық құндылықтар, қазақ халқының салт-дәстүрлері және ата-ананы құрметтеу тақырыптарында әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында жастарға отбасы институтының маңызы, ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері және үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу сынды құндылықтардың қоғамдағы орны туралы кеңінен айтылды.
Іс-шара соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кездесу жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы және Дүниежүзілік тазалық күні аясында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 19 қыркүйек облыстық сенбілік күні болып жарияланды.
Аталған бастаманы Екібастұз қаласының тұрғындары белсенді қолдады. Сенбілік барысында қала аумағын абаттандыру және тазарту жұмыстары жүргізіліп, демалыс күндері 1000-нан астам ағаш отырғызу жоспарланды.
Жалпы облыста абаттандыру айлығы аясында 6000-нан астам жасыл желек отырғызу көзделген.
Атап айтқанда, Энергетиктер көшесінде Екібастұз ГРЭС-1 қолдауымен 1400-ден астам ағаш және 600-ден астам бұта отырғызу жоспарлануда. Отырғызылған көшеттердің толық жерсінуін қамтамасыз ету үшін оларға тиісті күтім жасалады. Сонымен қатар көктем мезгілінде аталған аумақта көгал төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, қала құраушы кәсіпорындар, бизнес субъектілері және белсенді қала тұрғындары қатысты.
Қаламызды абаттандыруға атсалысып, бастамамызды қолдаған кәсіпорын басшыларына және бейжай қарамайтын тұрғындарға алғыс білдіремін.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Солнечный кентінде тұрғындармен дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі, теолог Дастан Дарханұлы қатысып, дәстүрлі діннің құндылықтары, қоғамдағы діни тұрақтылық және деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындарға жалған діни ақпараттарға ермеу, күмәнді діни топтардың ықпалына түспеу және дінге қатысты мәліметтерді тек ресми әрі сенімді ақпарат көздерінен алу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтарды сыни ойлауға, заң талаптарын сақтауға және қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуға шақырды.
Павлодар облысында Қарасор станциясының теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысан қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік бойынша заманауи талаптарға толық сәйкескеледі. Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
1988 жылы салынған теміржол вокзалы бүгінде заманауи ғимаратқа айналды. Реконструкция аясында нысанның шатыры жөнделіп, қасбетімен ішкі бөлмелері жаңартылды. Сонымен қатар инженерлік желілер, оның ішінде сумен жабдықтау, кәріз, жылу жүйелері, электрмен қамту жүйелері толық жаңғыртылды. Бұдан бөлек іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жолаушылар платформасы жаңартылды.
Реконструкция барысында жолаушылардың барлық санаттары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Ғимаратта заманауи желдету және өрт қауіпсіздігі жүйелері орнатылды. Кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында пандус, тактильді бағыттау элементтері және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы күту бөлмесі жабдықталды. Сонымен қатар жолаушылар үшін заманауи әрі жайлы күту аймақтары жасалды.
Қарасор теміржол станциясының вокзалы 3-санатқа жатады. Станция арқылы Астана, Павлодар, Көкшетау, Шымкент және Түркістан бағыттарына қатынайтын 4 жолаушылар пойызы жүреді.
Вокзалды реконструкциялау жұмыстары еліміздің теміржол инфрақұрылымын жаңғырту аясында жүзеге асырылды. Жаңартылған вокзал өңір тұрғындары мен облыс қонақтары үшін жайлы әрі қолайлы болып, заманауи стандарттарға толық сәйкес келеді.
Бүгін Екібастұз қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Дәстүрлі байқауда өнегелі өмір салтын ұстанып, отбасы институтын нығайтуға үлес қосып жүрген жанұялар өзара бақ сынады.
Қатысушылар отбасы тарихын, жетістіктерін, тәрбиелік ұстанымдарын таныстырып, ұрпақтар сабақтастығы мен бірлік құндылықтарын насихаттады.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын - Хуатхан отбасы (300 000 теңге);
ІІ орын - Ахаевтар отбасы (200 000 теңге);
ІІІ орын - Елубаевтар отбасы (100 000 теңге).
Қалалық кезеңнің жеңімпазы атанған Хуатхан отбасы алдағы облыстық кезеңде Екібастұз қаласының намысын қорғайтын болады.
Сонымен қатар, отбасы құндылықтарын дәріптеуге белсенді атсалысқаны үшін Рамазановтар және Махияновтар отбасылары Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Мерейлі отбасы» байқауы қоғамдағы отбасының мәртебесін арттырып, үлгілі жанұяларды насихаттауға бағытталған маңызды жоба болып табылады.
Жеңімпаздарды құттықтап, барлық отбасыларға амандық, татулық пен береке тілейміз!
Жағажай маусымының басталуына байланысты Екібастұз қаласында тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Осы орайда Солнечный кентіндегі демалыс орындарында Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп түсіндіру және алдын алу шараларын өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды. Мамандар демалушыларға балаларды қараусыз қалдырмау, белгіленбеген орындарда суға түспеу, сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішкен күйде шомылудың қауіптілігі туралы ескертті.
Сонымен қатар, жағажай аумағындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіліп, демалушылармен профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Мамандар жаз мезгілінде қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алудың басты кепілі екенін атап өтті. Су айдындарында демалу кезінде әр азамат өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, белгіленген талаптарды қатаң сақтауы қажет.
Профилактикалық жұмыстар жағажай маусымы бойы жалғасатын болады.