Меню

Страницы

Статья

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Тұрғындар арасында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру шеңберінде Екібастұз өңіріндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына және Павлодар облысы бойынша халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін нығайту жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Барлық іс-шаралар жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, түрлі санаттағы жастардың және бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Мәселен, ақпараттық-түсіндіру тобының қала құраушы кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен – «Богатырь Көмір» ЖШС, «Проммашкомплект», «Промсервис Отан», «Екібастұзтеплоэнерго», «Ангренсор Энерго», «Восточный» кеніші, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Кегок» Солтүстік МЭС» филиалымен «Горэлектросеть», «Горводоканал» МКК кездесулері өткізілді, АТТ-ның кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесулерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды, брошюралар мен буклеттер таратылды. Қамту 3000-нан астам адамды құрады.
Қаланың білім беру мекемелерінде, ЕИТИ және колледждерінде ҚР-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары туралы кездесулер, әңгімелер, дәрістер, ақпараттық сағаттар өткізіледі, пікірсайыс турнирлері ұйымдастырылады: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Коррупция – способ легкого обогащения или издержки профессии?». Осы іс-шаралар барысында түрлі пікірлер айтылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының студенттері үшін Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тұжырымдамасын түсіндіре отырып, «Ашық есік күні» өтті.
2024 жылғы 6 қыркүйектен 14 қазанға дейін Екібастұз қаласының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы эссе конкурсына өтінімдер қабылдау жүзеге асырылды – «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – болашақтың кепілі!» оған өңір жастарының 28 өкілі қатысты. Барлық қатысушылар сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды, ал байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 3000-нан астам ақпараттық материалдар (Екібастұздың естелік орындары бейнеленген брошюралар, блокноттар және қазақ жазушыларының адалдық пен парасаттылық туралы сөздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» колл-орталығының телефоны туралы ақпараттандырумен) әзірленіп, таратылды.
Үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері үшін қоғамдық бақылау мәселелері бойынша сараптамалық семинар өткізілді. Дәріскер ретінде «Әділдік жолы» ҚБ басшысы Қайырденова Нұргүл Әментайқызы тартылды, ол мемлекеттік сатып алу және жаңа құрылыс нысандарының мониторингі саласындағы қоғамдық бақылау шаралары туралы кең презентация дайындады және ұсынды.
«Maxi mall» сауда орталығында халыққа тегін заң көмегі ұйымдастырылды. Акция барысында азаматтарға заң кеңесшілері, адвокаттар, Павлодар облысының нотариустары қызмет көрсетті. Сонымен қатар, жергілікті әкімдік бөлімдерінің өкілдері өз құзыретіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, тұрғындардың талаптарын тыңдады.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы еріктілерінің қатысуымен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" акциясын өткізілді, оның аясында адамдар көп жиналған жерлерде халыққа 500-ден астам брошюралар мен буклеттер таратылды. Бұл ақпараттық материал тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар және сенім телефоны туралы хабардар етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүйесінде бұқаралық ақпарат құралдары маңызды орын алады. Ағымдағы жылы әлеуметтік желілерде және жергілікті БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 40-тан астам мақалалар, бейнероликтер, жарияланымдар мен посттар орналастырылды.
«Отарқа» газетінде келесі мақалалар жарияланды: «Жемқорлыққа қарсы еріктілер сыбайлас жемқорлықпен күресуге қалай көмектеседі», «Әдеп кодексі: парасатты мемлекеттік аппаратты қалыптастыру», «Жемқорлық — індет, жою — міндет», «Адалдан жиған ешкі артық», «Адал еңбек абыройға бөлейді»; «Голос Экибастуза» газетінде: «Как помогают антикоррупционные волонтеры бороться с коррупцией», «Проверка на добропорядочность как антикоррупционный инструмент», «Закон – не шутка» және басқалары.
Қалалық әлеуметтік желілерде (ekb_hochu_vse_znat, golos.ekibas, ekb_ekibastuz) посттар орналастырылды: «Антикор Павлодар предотвратил необоснованные убытки предпринимателей региона более чем на 160 млн тенге», «Звоните 1414. Минздрав усиливает контроль за коррупцией в медицине», «Проверка на добропорядочность как антикоррупционный инструмент» және басқалары; сенім телефондары көрсетілген «Байлық – қанағат пен еңбекте», «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» флаерлер жарияланды.
Қаланың орталық көшелерінде «Бір пара – екі қырмыскер», «Одна взятка – два преступника» билбордтары орнатылды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сайттары мен аккаунттарында плакаттар, электрондық баннерлер орналастырылды. Оқу орындарында, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша стендтер орнатылған, онда нормативтік құжаттар, сенім телефондары, брошюралар, жадынамалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы парақшалар орналастырылған.
Қоғамда барлық мемлекеттік органдар жүргізетін сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға бағытталған іс-шараларды ақпараттық қолдау жалғастырылатын болады.

Дата публикации
13 декабря 2024
Дата обновления
13 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
04 сентября 2025
Жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау кестесі
Ақпарат
13 декабря 2024
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы