Шешімге
1-қосымша
Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Екібастұз қаласында жиналыс, митинг, пикеттеу нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) Шешембеков көшесі бойынша орналасқан «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - екі жүз елу адам.
2) Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан интернационалист- жауынгерлер сквері. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - екі жүз елу адам.
2. Демонстрациялар, шерулер нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін маршрут:
1) Мәшһүр Жүсіп көшесі (С. Торайғыров көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - екі жүз елу адам;
2) Мұхтар Әуезов көшесі (Естай Беркімбаев көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - екі жүз елу адам.
3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:
1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.
4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
1) көше жарықтандыруының болуы;
2) бейнебақылау камераларының болуы;
3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.
Екібастұз қалалық
мәслихатының
2020 жылғы «___» ______________
№ __ шешіміне
2- қосымша
Екібастұз қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым
салынған іргелес жатқан аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 400 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.