Павлодар облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін тоқтату туралы» № 39 бұйрығы негізінде аталған мекеме өз қызметін тоқтатты.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының негізінде қаулы жобасымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ мемлекеттік мекемелер тізбесінен алып тастау бөлігінде ішкі саясат бөлімінің ережесіне өзгеріс енгізіледі.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы шешімнің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15467222.