ЖОБА
Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды,
сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Лауазымы Аты-жөні
|
|
|
Екібастұз қалалық маслихатының шешіміне 1-қосымша
|
Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1) Шешембеков көшесі бойынша орналасқан «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы;
2) Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан жауынгер-интернационалистер сквері.
Демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін келесі маршрут айқындалсын: Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша (Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін) және Мұхтар Әуезов көшесі бойынша (Естай Беркімбаев көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін).
1) Шешембеков көшесі бойынша орналасқан «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы үшін – екі жүз елу адам;
2) Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан жауынгер- интернационалистер сквері үшін – екі жүз елу адам.
Демонстрациялар мен шерулер нысанында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормалары әрбір маршрут үшін екі жүз елу адамды құрайды.
1) көше жарығының болуы;
2) бейнебақылау камераларының болуы;
3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.
Дыбыс-бейне жазу техникасын, көрнекі үгіт құралдарын, көлік құралдарын пайдалану жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Екібастұз қалалық маслихатының шешіміне 2-қосымша
Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
- өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болады;
- ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл желектердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
- санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасының ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды;
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының ерекше белгісін тағады.