Шешімнің бұл жобасы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2)-тармақшаларына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталының https://legalacts.egov.kz ашық НҚА бөлімінде, жергілікті газет беттерінде: "Отарқа" (2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 38), "Голос Экибастуза" (2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 38), сондай-ақ Екібастұз қаласы әкімдігінің және "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ ресми сайттарында жарияланды.